Ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтты. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі 2019 жылғы желтоқсанда Алматы маңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады. Fokker-100 әуе кемесімен болған оқиғаны зерттеген комиссия қорытындысына сәйкес, ұшақ қанатының күш түсетін қасиеттерін жоғалтуының себебі жер үстіндегі мұзданудың әсері болуы ықтимал. Соның кесірінен лайнер жерден көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Айта кетейік, апат себептерін анықтауға отандық және шетелдік авиация мамандары қатысты.