Астанада үздік қолөнершілер таңдалды

Астанада үздік қолөнершілер таңдалды

Астананың қолөнершілері «Бір ауыл - бір өнім» жобасының аймақтық кезеңінде өз өнімдерін ұсынды. Бұл жергілікті шикізат, дәстүрлі технологиялар мен мәдени мұра негізінде жасалған авторлық өнімдер. Көрме қорытындысы бойынша 50 кәсіпкердің ішінен үздік 10-ы таңдалды, ал оның үшеуі керекті жабдық сатып алуға 5 миллион теңге көлемінде грант алады. Жеңімпаздар брендинг, сертификаттау және экспортқа шығару бойынша кешенді қолдауға ие болады. Айта кетейік, «Бір ауыл - бір өнім» жобасы жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған

 

Бауыржан Қайшыбаев, қолөнерші:

 

- Менің өнімдерімді көбіне Еуропалықтар алып, пайдаланады. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандар, мен егде жастағы, артық салмағы бар және жүкті әйелдер сұрайды. Яғни, оңалту орталықтарынан, әсіресе қарттар үйлерінен алады, себебі шет елде ондай орталықтар өте көп. Сондықтан мен мұны жарнама қажет етпейтін тауар деп есептеймін, бірақ ол үйге қажет нәрсе.


Азамат Жүсіпбек, «Атамекен» ҰКП бөлімінің бастығы:

 

- Қазір біздің қаламызда қолөнершілер туралы білетіндер аз, біз оларды маркетингтік тұрғыдан барынша сүйемелдеуге тырысамыз. Аталмыш жоба бүкіл Қазақстанның барлық өңірлерінде бір уақытта жүзеге асырылып жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?