Қазақстанның ұлттық инвестициялық пулында 769 жоба тіркелген

Қазақстанның ұлттық инвестициялық пулында 769 жоба тіркелген

Қазақстанның ұлттық инвестициялық жобалар пулында жалпы құны 34,3 трлн теңгенің 769 жобасы тіркелген. Бүгінде оның жартысына жуығының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал 40% құжаттамалары дайындалып жатыр. 66 жоба пайдалануға берілген.  Қолға алынған ірі жобалардың көшін Астана, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан өңірлері бастап тұр. Дені отандық инвесторлардың есесінен жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар Қытай, Ресей, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері капиталы тартылған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?