Соңғы 3 жылда Қазақстанның
туризм саласына 4 млрд доллар инвестиция тартылды. Елде 400-ден астам жаңа
нысан салынды. Ал биылғы жылдың 9 айында 405 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылған.
Бұл былтырғы көрсеткіштен 44% артық. Өңірлер бойынша ең көп өсім Солтүстік
Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Алматы облыстарында тіркелген. Бұндай
қолдаудың нәтижесінде туризм индустриясының дамуы қарқын алды. Бірінші
жартыжылдықта саяхатшылар мен демалушыларды орналастыру орындары 100 млрд
теңгеге жуық табыс тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30
млрд теңгеге артық.