Жуырда Қазақстанның солтүстігінде құрма, өрік және грек жаңғағы өсетін болады. Ғалымдар алдымен тәжірибе ретінде жемістерді орманда өсіріп көрмек. Жергілікті аймақ үшін ерекше ағаш тұқымдарын Тимур Звереченко әлемнің түрлі елдерінен алдыртқан. Сұрыптар осы аймақпен шамамен бір климаттық белдеуде орналасқан канадалық мамандармен бірігіп таңдалды.
Тимур Звереченко, Манаш Қозыбаев атындағы университеттің доценті:
– Олардың құрамында қара жаңғақ, тас жаңғақ, дәні майлы жаңғақтар бар. Сондай-ақ көлемі жағынан Орта Азиялық біздің құрмадан кішірек, бірақ аязға төзімді құрмалар бар. Бұл жеміс -40 градусқа дейін шыдамды. Қатал климатта өсетін фундуктардың көптеген түрлері, манжур өрігі мен оның басқа да сұрыптары бар.
Отандық ғалымның айтуынша, бұл дақылдар елімізге айтарлықтай пайда әкелмек. Мәселен, қара жаңғақ 6 жылдан кейін жеміс бере бастайды екен, ал оның бір текше метр ағашының әлемдік нарықтағы құны 2,5 миллион теңгені құрайды. Тимур Звереченко орман фермасын құрып, алқаптардың азық-түлік өнімділігін арттыруды жоспарлап отыр.