Қазақстан 10 мемлекетке тікелей әуе рейстерін
ашады. Осы айдан бастап отандастарымыз Венгрия, Германия, Түркия, Грузия,
Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Вьетнамға ұша алады. Көлік министрлігінің мәліметінше,
мамырдың соңынан қазақстандықтар аптасына екі рет Будапешт, Мюнхен, Шанхай мен
Сеулге ұша алады. Тағы бір әуетасымалдаушы Дананг қаласына рейстер ашады. Вьетнам шаһарына ұшақ аптасына 2 рет қатынайды.
Сонымен қатар, мамырдың соңынан Атырау-Тбилиси-Атырау бағыты жүзеге асырылады. Алматыдан
Ош қаласына аптасына 4 рет ұшуға болады.
Ал Бакуға Атыраудан 3 рейс ашылады. Тағы бір әуекомпания Қытайдың Құлжа
қаласына және түріктің Газипаша шаһарына рейстерді бастайды. Сонымен қатар,
өзбек компаниясы 5 мамырдан Алматы-Ташкент бағытын ашты.

