Азия даму банкі Қазақстанның 2024-2025 жылдарға арналған экономикалық өсу болжамын өзгеріссіз қалдырды. Ол сәйкесінше 3,8% және 5,3% деңгейінде сақталады.
Қаржы институтының бағалауына сәйкес, Орталық Азиядағы ірі экономикалық ел – Қазақстанның даму қарқыны тұрақты болмақ. Сарапшылар есебінше, биыл алғашқы тоқсанда отандық экономика 3,7% жоғарылаған. Мамандар бұл тың үрдісті елдегі құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларының дамуымен байланыстырып отыр. Ал құрылыс және өңдеу өнеркәсібі биылғы экономикалық өсімнің негізгі драйверлері болып қала береді.
Сонымен қатар, тау-кен өндірісі Қазақстан экономикасының орта мерзімді өсіміне елеулі үлес қосады деп күтілуде. Ол үшін 2025 жылдың екінші тоқсанында «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасын іске қосқан абзал, деседі сарапшылар. Бұл жаңа есепте инфляцияға қатысты болжамдар да өзгеріссіз қалды. Оның деңгейі 2024 жылы 8,7% және 2025 жылы 6,3% дейін біртіндеп бәсеңдейді.
Айта кетейік, қаржылық институт Азия-Тынық мұхиты аймағындағы дамушы елдер үшін экономикалық өсімнің жалпы болжамын «Азияның дамуына шолу» атты жаңартылған есебін жариялады.