Қазақстанның дін өкілдері алдағы съездің маңызы жөнінде пікір білдірді

Қазақстанның дін өкілдері алдағы съездің маңызы жөнінде пікір білдірді

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – бұл аса өзекті деген күрмеулі мәселелерді құр талқылап қана қоймай, олардың түйінін тарқататын ортақ шешімдер табылатын бірегей алаң. Еліміздің дін өкілдерінің айтуынша, қарқынды технологиялық өзгерістер жағдайында рухани бағдарларды сақтау ерекше маңызға ие. Бұл ретте жасанды интеллект негізінде құрылған тың технологиялар рухани құндылықтарды ілгерілету құралына айналуы мүмкін. 

Александр, Астана және Қазақстан митрополиті: 

- Діндар адам ғылымның жетістіктерін жоққа шығармайды. Себебі озық технологиялар, оның ішінде жасанды зейін де адамдардың игілігіне қызмет етуі тиіс. Бұл өте маңызды. Ғылым, білім және ағарту саласындағы ынтымақтастық тағы бір біріктіруші факторға айналуы мүмкін. Қазақстанның бұл бірегей үлгісі мен діни көшбасшылар съезінің маңыздылығы туралы айта келе, біз оның шешімдерінің одан әрі әрбір ел мен діни қауымдастыққа жетуін қамтамасыз етуіміз қажет. 

Қазақстанның діни конфессияларының өкілдері бүгінде жастар арасында рухани құндылықтарды ілгерілетудің ерекше мәні бар екенін баса айтады. Өйткені әлемнің болашағын жаңа ұрпақ айқындайды. Биыл Съезд аясында жас дін көшбасшыларының форумы өтеді. Ол алғаш рет шараның ресми бөлігіне айналады. 

Ростислав Новгородов, Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің епископы: 

- Бұл жолғы тұжырымдама құрылымы көңілімнен шықты. Ол - құрғақ баяндамалар емес, қарым-қатынас, мәселелерді жан-жақты талқылау, еркін пікр алмасуға арналған нақты алаңдардан тұрады. Діни көзқарастарымыз әр қилы болғанымен мақсат-мүддеміз бір. Ол ең алдымен лайықты ұрпақ тәрбиелеу. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?