Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды. Жанат Элиманов бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг кезінде мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 млрд теңге субсидияны тиімсіз пайдалану тәуекелдері анықталғанын айтты. 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылып, банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, арнайы құрылғылар арқылы жаппай фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленген. 4 мыңға жуық алаяқтық сайт жабылып, 3 жасырын криптоайырбастау қызметінің жолы кесілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

