Қазақстан Халықаралық стандарттау ұйымының жұмысына белсенді түрде қатысып келеді. ISO Бас хатшысы Серхио Мухиканың айтуынша, еліміз 170 мүшесі бар институттың құрамына кіреді. Қазақстандық сарапшылар 150-ден астам техникалық комитеттерге тартылған. Бұл стандарттарды әзірлеу кезінде ұлттық басымдықтарды ескеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Қазақстан өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық құрылымдардағы ықпалды күшейтіп, стандарттау саласында Орталық Азия мемлекеттерін біріктіретін алаңға айналды.
Серхио Мухика, Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысы:
- Халықаралық стандарттар - бұл
әмбебап тіл, оның шеңберінде әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар өнімге,
қызметке немесе қандайда бір үрдістерге қатысты техникалық сипаттамалар мен
талаптар туралы уағдаласады. Яғни, Қазақстандық өнімдер үшін әлем нарықтарына
жол ашады. Қазақстан - ISO-ның аса белсенді қатысушысы. Біздің ұйымда 800-ге
жуық техникалық комитет бар. Қазақстан олардың 150-ге жуығына қатысады - бұл
едәуір үлес. Бірақ көрсеткіштің өзі емес, бұл комитеттер елдің экономикалық
және әлеуметтік даму саласындағы басымдықтарына сай келетіні маңызды.

