Таяу уақытта қазақстандықтардың жаһандық өрісі кеңейе түседі. Қазақстан
өз азаматтарына Сан-Мариномен емін-еркін
жүруіп тұруына мүмкіндік беруге ниетті. Қос елдің Үкіметі визалық талаптардан
өзара босату туралы келісім жасауға мүдделі. Бұл жөнінде «Ашық НҚА» сайтында
жарияланған құжаттан белгілі болды. Осыған
сәкес, екі жақты барыс-келіс жеңілдемек. Яғни, қос мемлекеттің азаматтары
алты ай сайын сапарлап елде 90 күнге
дейін визасыз жүре алады. Егерде үш айдан артық уақыт болуды жоспарлағандар өз
елінен шықпас бұрын тиісті визаны рәсімдеуі тиіс. Жоба Қазақстан мен Сан-Марино
арасындағы ынтымақтастықты арттырып, төлқұжаттың барлық түрлерінің иелері үшін
визасыз режим орнатуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан
өзара визасыз режим енгізуге қатысты 26 елмен келіссөздер жүргізуде. Бұған қол
жеткізілген мемлекеттердің қатарында Австрия, Сауд Арабиясы және Бахрейн бар.