Қазақстанда автобуспен жолаушы тасымалы бір жыл ішінде 17 процентке өсті. Үстіміздегі жылдың басынан бергі бес айда аталған сектордағы компаниялардың кірістері 40 млрд теңгеден асқан. Аталған уақыт кезеңінде 2 миллиардқа жуық қазақстандық діттеген жеріне автобуспен жеткен, деп хабарлайды Рэнкинг порталы. Сонымен қатар, жүк тасымалымен айналысатын компаниялардың табыстары 40 процентке өсіп, 104 млрд теңгеден асқан.