Түркістан облысында мақтаның жаңа сұрпы дайындалды. Дақыл ғылыми-зерттеу институтында екі жылдан бері сынаудан өткен. Енді тұқымды институт ғалымдары шаруаларға егуге ұсынып отыр. Мақтаның жаңа түрі зиянкестерге төзімді етіп шығарылған. Осылайша одан қорғайтын химиялық қоспаның шығыны да екі есе азаймақ. «Сондай-ақ дақыл ерте өнім беріп, құрғақшылыққа шыдамды келеді», – дейді ғалымдар. Өнімділігі жоғары сұрыптан гектарына 45 центнерге дейін өнім алуға болады.
Асан Махамбетов, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары:
- Ауданда сақтандыру қорымен есептегенде, шамамен 1 800 тоннадай шит керек. Қазір дайындалғаны 1 000 тоннаға жақындап қалды. Мақта – өте қиын дақыл. Басқа дақылдар өздігінен тозаңданса, мақта айқас тозаңданады. Өзіміздің тәжірибе станциямыздан 70 жылда әзер дегенде сорт шықты.