Қазақстанда
әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру
кеңестері құрылады. Олар
жастардың бойында Қазақстан армиясының жағымды бейнесін қалыптастырумен
айналысады. Атқарылған жұмыстар көркем және деректі фильмдер түсіру, әдеби
шығармалар жазу, сондай-ақ телеарналарда әскерлер туралы циклді хабарлар
жүргізу арқылы жүзеге асырылмақ. Осы және басқа да түзетулерді Мәжіліс
депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Бұдан бөлек қосымша білім беру
бағдарламаларына әскери-патриоттық тәрбие беруді, сондай-ақ әскери есепке алу
мен қазақстандықтарды әскерге шақыруды жетілдіруді қамтиды. Жалпы, депутаттар
запастағы сержанттарды әскерге шақырылушылар қатарына қосуды және соңғылары
туралы ақпаратты автоматты түрде тиісті жүйелерде өзектендіруді ұсынды. Айта
кетейік, Президент тапсырмасы аясында шақыру бойынша бірқатар заңнамалық
өзгерістер қарастырылған.
Юлия Кучинская, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке өткен, сондай-ақ әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасасқан азаматтар үшін жұмыс істеу жөніндегі міндеттерді тоқтату. Медициналық комиссиядан өту кезеңінде шақырылуға жататындардың жұмыс орны мен атқаратын лауазымын, жалақысын сақтау. Кейінге қалдырудан бас тартқан және әскери қызметке шақырылған азаматтарға білім беру грантының сақталуына және олардың әскери қызмет кезеңінде білім беру ұйымынан шығарылмауына кепілдік беріледі. Мерзімді әскери қызметшілер үшін білім беру жеңілдіктері бойынша арнайы нормалар нақтыланды.
Мәжіліс Білім беру және баланың құқықтарын
қорғау мәселелері бойынша заң жобасын қарады
Сондай-ақ мәжіліс бірінші оқылымда білім беру
және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады.
Аталған құжатта баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар институты құрылмақ. Қамқоршылықтың жаңа нысанын енгізу қиын
жағдайға тап болған жеткіншектерге неғұрлым қолайлы жағдайда жасауға мүмкіндік
береді. Кәсіби отбасылар арнайы психологиялық
дайындықтан өтіп, өз қамқорлығына 4-тен астам баланы ала алмайды.
Жеңіс Ермұқанов