Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстанда бұл үрдіс барлық деңгейде сәтті жүзеге асып келеді. Нәтижесінде біздің ел жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 9 сатыға көтерілді. Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің барлық мемлекеті арасында 31-ші орынға тұрақтады. Елдердің осы бір көрсеткіштерін бағалаған кезде халықаралық сарапшылар бірқатар маңызды өлшемді ескеріп, негізге алған. Онда заңнамадан бастап, арнайы органдар өткізетін іс-шаралар толыққанды қамтылды. Мамандар саладағы қауіпсіздік деңгейінің өсуіне бейінді қызметтердің жұмысы, сондай-ақ оған қомақты қаражат инвестициялайтын және компаниялар арасында киберқылмысты жетілдіру жөніндегі жоспарлы іс-қимылдар ықпал еткенін айтады.
Евгений Питолин, «TerraLink» киберқауіпсіздік тәжірибесінің директоры:
- Барлық ұйымға арналған бак-боунти сынды бастаманы атап өткім келеді. Бұл – Қазақстандағы кибершабуылдарды талдау және дамыту орталығының бастамасы. Бағдарлама ірі компаниялар киберқауіпсіздік бағытындағы өздерінің осалдығын немесе мәселелерін жасырып қана қоймай, керісінше оларды үшінші тарап бақылаушылары арқылы уақытында табуға, жабық режимде хабарлауға және олқылықты дер кезінде барынша түзетуге мүмкіндік береді. Дәл осы факторлардың жиынтығы және мемлекет пен жеке компаниялардың бірлесуі жалпы елдегі киберқауіпсіздік әлеуетінің артуына мүмкіндік береді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов