Қазақстандықтардың ерікті зейнетақы жарналарына сұранысы артып келеді. Ел азаматтары биыл бірінші тоқсанда зейнетақы қорына осы мақсатта салған қаржылары былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87% өскен. Жалпы соңғы 3 жылда ерікті жарналардың саны жылына орта есеппен 45% артып келеді. Сарапшылардың айтуынша, оның қарқын алуы зейнетақы жүйесін жетілдірумен және жеке зейнетақы шоттарын ашу үрдістерінің жеңілдетілуімен байланысты. Айта кетейік, шот ашу үшін қазақстандықтарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүгінудің қажеті жоқ. Себебі, өткен жылдың мамыр айынан бері зейнетақы қорына түскен алғашқы ерікті жарна оны ашуға негіз болып саналады.
Автор: Жеңіс Ермұқанов