Еске салайық, елордада 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында ол Ян Непомнящиймен бәсекеге түсті. Олар ала тақтай ойынында 14 партия бойы өзара бақталасты. Қос мықты тең түсіп, жеңімпаз тек «тай-брейк» қосымша кезеңінде анықталды. Қарсыластар үш жедел ойында да бір-біріне беріле қоймады. Дин Лижэннің төртінші партияда мысы басып, қанжығасы майланды.