Алексей Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы шықты. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кеткен.
Айта кетейік, экс-министр 2020 жылы бұл лауазымға тағайындалған еді.