Қазақстандықтар Жаңа жылдан не күтеді?

Қазақстандықтар Жаңа жылдан не күтеді?

Жаңа жылды армандар орындалып, көксеген келетін сиқырға толы уақытқа балайды. Қазақстандықтар жаһандық пандемияға қарамастан биыл да таңғажайып оқиғалар болатынына кәміл сенеді. Мереке қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сауалнама жүргізіп, олардың жаңа жылдан нені күтетінін білуге тырыстық. Сағат тілі 00:00-ге жеткенде қандай тілектер айтады? Әрбірінің талғамы мен қалауы басқа. Біреулері армандардың орындалуын Аяз атамен байланыстырса, енді біреулері сиқыр өз қолыңмен жасалатынын алға тартады.

Блиц:

- Өткен жылы түнгі 00:00-де тілеген тілегім орындалды. Елордадан бір бөлмелі пәтер алдым. Шағын болса да, өзімдікі.

- Менің Аяз атам – жарым. Маған деген сезімі өшпесін деп тілеймін.

- Аяз атаға сенемін, тілегім орындалады деп ойлаймын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов