Бұл жөнінде арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Каталин Раду мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде отандық авиация қарқынды дамып келеді. Болашақта саланың Орталық Азия аймағында көш бастауының әлеуеті зор.
Каталин Раду, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
- Соңғы бірнеше жылда біз ИКАО сертификатынан өттік. Ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік бойынша өте жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Сонымен қатар, біз еурокомиссия және EASA ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық ұйымымен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олармен техникалық ынтымақтастық жөнінде меморандум жасастық. Халықаралық ұйымның сарапшылары мен мамандары бізге жұмыс көрсеткіштерін жақсарту үшін бар қажетті техникалық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, АҚШ-тың FAA және EASA ұшу қауіпсіздігі бойынша агентіктерімен тығыз әріптестік орнаттық.
Бұл орайда айта кетерлік жайт, былтыр қазақстандық әуекомпанияларының жолаушылар ағыны айтарлықтай артқан. Олар бір жылда 1 миллионнан астам адамды тасымалдады. Өсім 2021 жылмен салыстырғанда 17% құрады. Сұранысты қанағаттандыру үшін өткен жылы жаңа ұшақтар сатып алынды. Отандық әуе паркін жаңарту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады.
Каталин Раду, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
- Пандемиядан кейін жаңа әуе кемелерінің қатары артып келеді. Мәселен, өткен жылы 120 жолаушылар ұшағы тіркелген. Оның 20-сы екі қазақстандық әуекомпаниясы жаңадан сатып алған. Авиациялық әкімшілік тің негізгі қызметі барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. Біз азаматтық авияция саласына қызмет көрсетеміз. Жолаушылар саны артып келеді. Әуекомпаниялар тасымалдайтын адамдарға қажетті қызмет көрсететін білікті штаттық құраммен жасақтау да біздің негізгі міндетіміздің бірі.