Өндірістің толық циклі бар дәрілік препараттар Петропавлдағы фармзауыт шығарылады. Өндіріс алаңының құрылысы туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Аймақ басшысы инвестициялық жоба Qyzyljar арнайы экономикалық аймағына кіретінін атап өтті.
«Облыс картасында тағы бір кәсіпорын пайда болады. Петропавлда фармацевтикалық зауыттың құрылысын бастау үшін ресейлік инвесторлармен келістік. Келіссөздер жарты жылға созылды. Инвесторлар жобаға 15 млрд теңге құюға дайын. 200 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады. Осы жобаның арқасында экономика жаңа серпін алады, ал аймақ жергілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі», – деп мәлімдеді облыс әкімі.
Айта кетейік, Петропавлдағы арнайы экономикалық аймақ 2019 жылы құрылды. АЭА-ның алғашқы қатысушысы қалада заманауи көпсалалы аурухана салып жатқан түрік компаниясы. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын, электротехникалық өнімдер мен трансформаторлар өндіру бойынша жобалар іске асырылуда.
Авторы: Гүлбану Тәжібек