Газа Секторынан
Арнайы эвакуациялық бортпен 99 қазақстандық пен олардың отбасы мүшелері Алматы
қаласына ұшып келді. Отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын Қасым-Жомарт
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырды. Барлық азаматтарға
уақытша баспана беріліп, қажетті құқықтық, медициналық көмек көрсетілуде. Сәтті
іске асырылған эвакуациялау Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және
Мысырдағы Елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық
ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Таяу Шығыс өңірінің сыртқы
саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша тиісті
ведомство азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы
туралы уағдаластыққа қол жеткізді.