Қазақстанда алғаш рет «TurkicSkills 2025» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет «TurkicSkills 2025» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр

Түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда «TurkicSkills 2025» халықаралық шеберлік чемпионаты өтіп жатыр. Білім бәсекесінде Қазақстан, Мажарстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 70 жуық қатысушы бақ сынауда. Олар ақпараттық технологиялар, аспаз ісі, робототехника, қызмет көрсету саласы және инженерлік дағдылар сияқты 10 құзыреттілік бойынша сынға түсуде. Бағдарлама аясында оқытушылар да білімін жетілдіру үшін түрлі тренингтер, технологияллық семинарлар мен көрмелерге қатыса алады. Осындай шаралардың бірінде Маңғыстау туризм колледжінің педагогы Нұрай Еламан қазақ десерті - ірімшіктен жасалған балмұздақ негізіндегі өз авторлық жұмысын ұсынды. Сонымен қатар, тіл үйірер басқа да гастрономиялық жобалар сыналды. Айта кетейік, жеңімпаздарды түрлі елдерден келген 90 сарапшы анықтайды.


Золтан Сисак, сарапшы, Мажарстан:

– Бұндай байқаулардың бізге берері мол. Бұл чемпионат - қатысушылар үшін келесі жарыс алдында дағдыларын пысықтап, жаттығу өткізу үшін тамаша мүмкіндік. WorldSkills - бұл халықаралық қозғалыс. Бұл қатарға көптеген елдердің қосылуы қуантпай қоймайды. Осындай байқаулардың арқасында біз бір-бірімізбен танысып, өзара тәжірибе алмасамыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?