14 наурыз – Қазақстанда Көрісу мейрамы. Дәл осы күні халық қыстан аман шыққанына қуанып, бір-біріне ізгі тілектерін айтып, дастархан жаяды. Көрісу күнін еліміздің батыс өңірінен бөлек Сырдария, Қостанай, Торғай облыстары, сондай-ақ көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Самара, Орынбор облыстары да кеңінен атап өтеді. Амал мерекесінің негізгі шарттары – үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау.
Гүлден Есенғалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Мерекені өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ұлттық дәстүрді дәріптеу, адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырдық.