Елімізде ең көп сұранысқа ие смартфон маркалары анықталды

Елімізде ең көп сұранысқа ие смартфон маркалары анықталды

Былтыр қазақстандықтар бес миллионға жуық смартфон сатып алған. Оның ішінде батырмалары бар телефондардың үлесі жалпы  сауда көлемінің тек 9% құрайды.

2020 жылы пайдаланушылардың таңдауы өзгерген. Нәтижесінде Huawei маркалы телефондарға сұраныс төмендеді. Егер 2019 жылдың басында бұл өндіруші қазақстандық нарықтың төрттен бір бөлігін иеленсе, 2020 жылдың соңында ол ең көп сатылатын ұялы телефондар рейтингінде төртінші орынға ие болды.

Үшінші орында екі OPPO орналасқан. Үздік тізімнің көшбасшысы Samsung болды. Ол әлі күнге дейін еліміздегі смартфондар нарығының кем дегенде жартысын алады. Apple салыстырмалы түрде кішкентай ойыншы болып қала береді. Ал оның қараша айында шығарған іPhone 12  моделінің салаға  әсері шамалы болды.

ҚАЗАҚСТАНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ СМАРТФОНДАР

Samsung 50,5 %

Xiaomi 22 %

OPPO 11 %

Huawei 6 %

Басқа брендтер 10,8 %

Ақпарат көзі: 24.kz