Қазақстандық ұшақтар экологиялық таза отынмен ұшатын болады

Қазақстандық ұшақтар экологиялық таза отынмен ұшатын болады

Қазақстандық ұшақтар экологиялық таза отынмен ұшады. Бұған алдағы 2 жыл ішінде қол жеткізу әбден мүмкін, дейді сарапшылар. Елімізде ол үшін қажетті инфрақұрылым салу жоспарланған. Бұл ретте Астанада құны 10 млрд теңгеге мұнай базасы мен отын құю кешені бой түземек. Ал, Ақтөбе әуе айлағында 5 млрд теңгеге отын хабын іске қосу межеленген. Сондай-ақ, әрқайсысының көлемі 40 мың литр болатын екі жаңа жанармай құю бекетінің құрылысы жүргізіледі. Олардың құны 500 млн теңгеден келеді.


Ғани Баймышев, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Жобалау-техникалық тобының жетекшісі:


- Аталған кешендер еліміздің болашақта Jet A-1 авиациялық отыны және SAF экологиялық отыны түрлеріне көшуіне ықпал етеді. Жанармай құю кешені - әуе кемесіне қажетті отынды сақтауды және құюды жүзеге асыруға қабілетті инфрақұрылымды толығымен қамтитын нысан. Мұнай базасы тек сақтауға арналған. Жобаларды іске қосудың мерзімдері шамамен 2026-2027 жылдар деп белгіленді.


Экологиялық таза авиациялық отын түрлері еліміздегі Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында, сондай-ақ Павлодар мұнай-химия кәсіпорнында өндіріледі. Кешендер жаңғыртудан өтті, енді жобаның техникалық негіздемесі әзірленуде.


Ғани Баймышев, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Жобалау-техникалық тобының жетекшісі:


- Әлемнің басым көпшілігі Jet A-1 авиациялық отынымен ұшады. Сондықтан еліміздің дәл осы бағытты дамытуды ынталандыру үшін алдымызға осындай міндеттер қойып отырмыз. Себебі біз арқылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан – әлеуетті транзиттік аймақ ретінде географиялық тұрғыдан өте тартымды орналасқан ел. Тиiсiнше, Қытайдан Еуропаға және керi қарай транзиттiк жүктер Қазақстан аумағында жанармай құюды жүзеге асыра алады. Бұл бізге үлкен мүмкіндіктер ашады.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?