Қазақстан қытайлық саяхатшылар үшін қолжетімді болады.
Бұл үшін заманауи digital-құралдар пайдаланылады. Қытайдың жетекші digital-платформаларының
бірі Zowoyoo компаниясы мен Kazakh Tourism арасында меморандумға қол қойылды.
Қытайлық туристерді тарту мақсатында еліміздің әсем жерлері туралы ақпараттар
қытай тіліне сауатты аударып, сол елдің танымал платформаларына жүктеледі. Нәтижесінде
көрші елдің туристері еліміздегі турларды алу, қонақүйлерде бөлме брондау және
басқа да қызмет түрлерін Қытайдан шықпай-ақ онлайн түрде орындай алады.
Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасының м.а.:
- Қазақстанда қытайлық туристер үшін қызықты барлық
контентті цифрландыру қажет. Сондықтан біз бірінші кездесуді Алматыда, екінші
кездесуді Астанада өткіздік. Алдағы уақытта Шымкент, Түркістан, Ақтау, Өскемен
және басқа да қалаларға баруды жоспарлап отырмыз. Дегенмен, олар тек осы
қалаларға ғана емес, тіпті тек Қазақстанға ғана емес, барлық Орталық Азияны
цифрландыруға жұмыс істейді деп айтуға болады Алматыдағы кеңсе осы бағытта
жұмыс істейді. Ал Қазақстан мұнда кіру нүктесі ретінде, яғни өңірге кіретін
қақпа рөлінде.
Қытайлық саяхатшылардың ең танымал бағыттары - Алматы, Астана және Түркістан облысы. Бірақ мамандар туристік ағынды Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент сынды еліміздің басқа өңірлеріне де бағыттауды жоспарлап отыр.
¤
¤Фу Сюэцзя, Kazakhstan Zowoyoo Technoligy CO., LTD. компаниясы
директорлар кеңесінің төрағасы:
- Қазақстанның туристің әлеуеті шексіз. Бірақ, бұл жерлер туралы көп адамдардың білуі үшін жұмыс істеу керек. Және Қазақстанның туристік компанияларын қаржыландырып, инфрақұрылымды дамыту үшін инвесторлар тарту қажет. Былтыр қытайлық платформаларға жүктеген Қазақстан туралы видеолар шамамен 5 млрд қаралым жинады. Біз осы жұмыстарды жалғастыру арқылы Қазақстанның туризм саласына жыл сайын 2-3 млрд АҚШ доллары көлемінде табыс түсіруді көздеп отырмыз.
Айта кетейік, тек соңғы жылдары ғана Қазақстан мен Қытай осы саладағы
ынтымақтастықты жандандыру үшін бірқатар шаралар қабылдады. Бұл туристер
ағынының айтарлықтай ұлғаюына түрткі болды. Егер 2023 жылы біздің елге келетін
қытайлық саяхатшылардың саны 370 мың адамға жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 655
мыңнан асты. Ал биыл Қытайдан Қазақстанға 1 млн-ға дейін турист келеді деп
күтілуде.

