Қазақстанда венчурлік инвесторлар мектебі қайта ашылады. «Astana Hub VC School» оқыту курсының бесінші легі аясында қатысушыларды жинауда. Стартаптар мен IT-компанияларға инвестициялау дағдыларын меңгергісі келетіндер арнайы курстарда жетекші венчурлік инвесторлар мен әлемдік белсенді бизнес періштелердің тәжірибесімен таныса алады. Атап өтерлігі, курс тыңдау – тегін. Дәріске қатысушылар табыс пен тәуекел арасындағы теңгерімді табу жолдарын, жоба құру, мәміленің негізгі шарттарын түсіну сынды көптеген өзекті сауалға жауап таба алады. Яғни дәріскерлер сәтті жобаларға капитал салып, жеке табысты арттыруға мүмкіндік беретін дағдыларға тоқталып, өз құпияларымен бөліседі. Ең бастысы қатысушылар осы саладағы үздік мамандармен танысып, іскерлік байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік алады. Өтінімдер 20 қыркүйекке дейін қабылданады, ал оқудың өзі 28-30 қыркүйек аралығында өтеді.
Аркадий Селезенев, Astana Hub басқарушы директоры:
- «Венчурлық инвесторлар мектебі» дегеніміз ақылға салып, тәуекелге баруды білдіреді. Яғни табысқа жете алмайтын тоғыз жігітке ақша беру үшін, өкінішке қарай көп ақыл қажет емес. Ал коммерциялық пайдаға жететін он жігітке, яғни 10% ақша беру үшін ақылмен қатар мол тәжірибе қажет. Себебі инвестордың кез келген жағдайдағы басты мақсаты – ақша табу, оны көбейту. Сондықтан «VC School» дегеніміз – сауатты инвестициялау.
Авторы: Гүлбану Тәжібек