Қазақстан Орталық Азияның цифрлық хабына айналмақ. Елде гипермасштабты
деректерді өңдеу орталығын салу бойынша ең ауқымды IT-жобаны жүзеге асыру
жоспарланып отыр. Ол Сингапурлық инвесторлардың қатысуымен 2027 жылы іске
қосылады. Инвесторлармен келісім жөніндегі қаулыға Премьер-Министр қол қойды. Жалпы
қуаттылығы 200 МВт болатын екі деректер орталығы Ақмола мен Қарағанды
облыстарында бой көтереді. Жобаға 690 миллиард теңге инвестиция тартылады. Орталықтарды
мемлекеттік цифрлық жүйеге қосу жұмыстарын Цифрлық даму министрлігі атқарады. Бұл
орталықтар қазақстандық IT-қызметтердің экспортын арттыруға көмектеседі. Елге
Microsoft, Google және Amazon сынды ірі технологиялық компанияларды тарту
көзделіп отыр.

