Көне Күлтөбе қалашығындағы Шығыс тиындарының сыры

Күлтөбе қалашығы – Ұлы даланың құнды рухани, мәдени, тарихи қазынасы. Археологтар ұзақ жылғы қазба жұмыстары барысында тамыры терең тартқан ғасырлар қойнауына бойлай түседі. Көне бекіністі қоныс аумағынан   табылған жәдігерлердің қатарында ескі тиындар бар. Тарихшылар оларды Кушан хандығына тиесілі деп болжап отыр. Бұл шамамен б.з.д. II-III-ші ғасырлар. Дәл осы тиындар Күлтөбенің, жалпы Ұлы даланың сауда-саттық қызған аймақ болғанының айғағы. Осы арқылы өңірдің түрлі кезеңдердегі сыртқы байланысы мен әлеуметтік ахуалын білуге болады.

ПАВЕЛ ПЕТРОВ, ТАРИХШЫ /РЕСЕЙ/:

 - Монеталар нақты бір қала, немесе қоныстың тарихымен ғана байланысты емес. Олар үлкен аймақтың, тіпті мемлекеттің өткенінен сыр шертеді. Түрлі сұрақтардың түйінін тарқатады. Қазіргі уақытта осы Кушан тиындары нақты аталмыш аймақта айналымда болған деп дөп басып айту қиын. Мүмкін оларды оңтүстіктен келген саудагерлер түрлі тауарларды айырбастау үшін әкелген болар. Немесе оларды жоғалтып алуу да мүмкін. Бұндай монеталар Ауғаныстанның солтүстігінде, Өзбек жерінде, Тәжікстан мен Түрікменстанда шығарылған. Сол жерлерде айналымда болған. Бұл – алтын немесе күміс емес, қола тиындар. Бұл шын мәнінде Қазақстанның оңтүстік ескерткіштеріне жататын нумизматтық материал екенін нақты айта аламын.  

Мамандрдың пікірінше, бұл нумизмадтық жәдігерлер Түркістан өңірінің 2 мыңжылдық тарихынан сыр шерттеді. Сондай-ақ Күлтөбе ескерткішінде саманид, шағатай ақша белгілері мен Алтын Орда кезеңіне тиесілі тиындар табылған. Еске салайық, қазба жұмыстарын Қазақ ғылыми зерттеу мәдени институты жүргізіп жатыр.

АНДРЕЙ ХАЗБУЛАТОВ, ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - «Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын реставрациялау» жобасы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылдан бері жүзеге асырылып жатыр. Жобаға өзіміздің отандық жетекші ғалымдар, археологтармен қатар шетелдік мамандарды тарттық. Біз ЮНЕСКО-мен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Әріптестік аясында олар осы жобаны жүзеге асырудың техникалық бақылауын жүргізеді. Өйткені Күлтөбе қалашығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени ескерткіштер тізіміне енген. 

Ежелгі ескерткіш аймағынан археологтар монеталардан бөлек, көне бекіністің қабырғалары мен крест тәрізді құрылыс орнын анықтаған. Сондай-ақ, екі мың жылдық тарихы бар түрлі әшекей мен қыш бұйымдары сынды тұрмыстық жәдігерлер тапқан. Олар еліміздің музейлеріне табысталады.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов