Еліміздің Ұлттық музейінде «Далалық Еуразия төсіндегі Сарыарқа мұрасы» атты ұжымдық монография таныстырылды. «Қазына» сериясымен шыққан 6-шы кітапта соңғы үш жылдағы археологиялық, этнографиялық зерттеулер, геоақпараттық картографиялау, тарихи-мәдени мұра нысандарын цифрлық 3D модельдеу және Ақмола облысының топонимикасы бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Сарыарқаның батысында орналасқан Саба қорымындағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде алынған қола дәуірінің сәулеті, жерлеу салты, дүниетанымы, қару-жарағы, мәдениеті мен шаруашылығы туралы жаңа мәліметтер берілген.
АҚАН ОМАРҰЛЫ, ҚР ҰМ «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Осы үш жылдық жұмыстардың нәтижесінде Ақмола облысындағы 45 елді мекеннің тарихи атауын қайтару туралы нақты дәлелдер келтіріліп, ұсыныстар берілді. Және 5 үлкен ескерткіш зерттеліп, қарт торғай өңірінің маңызды екенін көрсететін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар этнографиялық материалдар бойынша 310-нан астам халықтың ішіндегі музыкалық шығармалар әкелінді. Бұл ән, күй, дастан және тағы басқа, яхни ешқай жерде жарияланбаған, ғылыми айналымға енбеген.