Мәскеуде Астананың мәдениет күндері өтіп жатыр. Бірінші күні Музыкалық жас
көрермен театрының әртістері Ресей астанасының Драма өнері мектебінің
сахнасында «Қыз Жібек» этнофольклорлық мюзиклін ұсынды. Қазақ фольклорының інжу-маржаны
ретінде танылған лирикалық поэма негізінде қыз бен жігіт арасындағы шынайы
махаббат, достық, ұлтжандылық жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мюзикл
мәскеулік көрермендерді тәнті етті. Тартымды сюжет, әсерлі музыка және әртістердің
шебер ойыны келушілерге қайталанбас көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, көрермендерге «ГауҺартас» музыкалық драмасы ұсынылды. Қазақстан астанасының мәдениет күндері аясында отандық суретшілердің еңбектері қойылған «Астана - менің махаббатым» атты фотокөрмені өткізу жоспарланған. Одан кейін, елорда әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі делегациясының кездесуі өтеді. Астана қаласының мәдениет күндері Мәскеу халықаралық музыка үйінің сахнасында концертпен аяқталады.