Мұнай бағасы рекордты деңгейде қымбаттады

Мұнай бағасы рекордты деңгейде қымбаттады

Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы өсті. Бір баррель шикізаттың құны 84 долларға жетті. Бұл осы жылдың сәуір айынан бергі алғашқы рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар WTI  қара алтынының да бағасы көтерілуде. Бұл брендтің фьючерстерінің құны барреліне 80 доллардан асты. Сарапшылардың пікірінше, ОПЕК+ елдерінде мұнай өндірісінің қысқаруына байланысты нарықтағы ұсыныс та шектеледі, осылайша, оның бағасы да қымбаттаған. Сондай-ақ шикізат алдағы айларда 85-90 долларға дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар.