Қазақстандық сахна шеберлері Сеулде өнер көрсетті. Артистер шетелдік көрермен назарына Чеховтың «Шағала» пьесасын ұсынды. Спектакльдің сәтті шығуына қос елдің шығаршашылық труппалары атсалысты. Қойылым Қазақстан мен таңғы шық елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасттардың 30 жылдығына және алматылық корей театрының 90 жылдығына арналған.
Ли Джа Хён, корея сыртқы істер министрлігінің департамент директоры:
– Дәстүрлі және заманауи көзқарастың үйлесімі динамикалық түрде көрсетілген. Чеховтың «Шағала» классикасы театрландырылған декорациямен толықтырылып, тамаша динамикалық шығарма тудырды. Классикалық оқудың мән-мағынасы сақталды, бірақ заманауи тәсілдің көмегімен көрермендерге керемет әсер қалдырды.
Елена Ким, Мемлекеттік Республикалық Академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры:
– Бұл Кореяға алғаш келуіміз емес. Алайда жұртшылық алғаш рет осындай жылы қабылдады. Сондай-ақ, біз алғаш рет орыс тілінде ойнап шықтық. Бұл да бір жаңалық болды. Көпшіліктің көңілінен шықты. Оларды біздегі кәрістердің орысша сөйлейтіні таң қалдырды. Ал біз Қазақстанның көпұлтты ел екенін, бірнеше тілде сөйлейтінімізді айтып, жеткіздік.
Сонымен қатар, қазақстандық актерлер Komanaru халықаралық театр фестиваліне қатысады. Ол Конджу қаласында 2-10 шілде аралығында өтеді.