Астанада жұмысшы мамандықтары жылы аясында бірқатар іс-шаралар өтеді

Астанада жұмысшы мамандықтары жылы аясында бірқатар іс-шаралар өтеді

Астанада жұмысшы мамандықтары жылы аясында 100 астам іс-шара өтеді. Олардың бірі қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты болмақ. Оған елорданың 15 білім беру алаңында 49 құзыреттілік бойынша 500 астам адам қатысады деп күтілуде. Оның жеңімпаздары биыл күзде Ұлттық чемпионатқа аттанады. Бұдан басқа, колледждердің базасында жоғары сынып оқушыларын оқытуды көздейтін жобаны кеңейту жұмыстары жалғасады. Оларда елорда оқушылары 10 шақты мамандық бойынша тәжірибелік дағдылар мен жұмыс біліктілігіне машықталады. Атап айтсақ тігінші, наубайшы, аспазшы, шаштараз, флорист, жиһаз өндірісі және электрогаз дәнекерлеуші мамандықтарын меңгереді. Оқу курстарын аяқтағаннан кейін оларға аттестат пен біліктілік туралы куәлік табысталмақ. Сондай-ақ, орта кәсіптік білім беру мекемлерін халықаралық сертификаттауға, олардың қабырғасында жаңа ресурстық орталықтар ашуға және жұмыс берушілердің кадрлар даярлауға қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылмақ. Астанада аспаздық, тігін ісі, гастрономия бойынша түрлі чемпионаттар, сондай-ақ шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар мен фестивальдер ұйымдастырылады. Мамандар бұл елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтарды тарттынына сенімді.   

Ақмарал Хон, Астана қаласы Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы:

- Сондай-ақ, біз WorldSkills қалалық кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ол колледж студенттері, мектеп оқушылары мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар арасында да өткізіледі. Бұған қоса, биыл AstauFest халықаралық байқауын өткізуді межелеп қойдық. Осы жылға жоспарланған шаралар елімізде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастарды экономиканың нақты секторына тартуға, жұмыс берушілерді елде сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлау мен біліктілікті арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге үндеуге бағытталатын болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?