Нотариаттық қызметті цифрландыру

Нотариаттық қызметті цифрландыру

Қазақстанда нотариаттық қызметтің біріңғай ақпараттық жүйесі құрылады. Ол үшін куәландыратын құжақа QR-код беріледі. Ол осы негізде электронды тұғырнамада сақталып, түпнұсқалығы расталады. Бұндай ереже алдағы жылы күшіне енеді деп көзделуде. Ел Сенаты бұл қызметті сандық жүйеге келтіруді көздейтін заң жобасын қабылдады.

Аталмыш құжатқа сәйкес, осы қызметті ұсынушы әр ісін электронды жүйеде белгілеп отыруы тиіс. Мәліметтерді енгізбеген жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Шағымдарды қарайтын тәуелсіз орган – тәртіптік комиссия құрылмақ.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Осы заң халыққа нотариаттық қызмет көрсету кезінде цифрлық технологиялардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ нотариаттық қызметке қойылатын талаптарды күшейтуге құқықтық негіздер қалыптастырады. Құжатқа енгізілген нормалардың негізгі мақсаты – нотариаттық іс-әрекеттер кезінде жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам нотариус бар. Былтыр олар 9 миллионға тарта қызмет көрсетіп, нәтижесінде ел қазынасына 2 миллиард теңгеден астам салық өтемдері түскен.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов