Қазақстанда Aqyl Tech және It-Aiel жобаларына тіркеу басталды

Қазақстанда Aqyl Tech және It-Aiel жобаларына тіркеу басталды

Қазақстанда әйелдер IT-стартаптары белсенді дамып келеді. Әсіресе соңғы екі жылда бұл көрсеткіш өсіп, қызығушылық қарқын алғаны байқалады. Егер 2023-ші жылы нәзік жандылар бастаған 179 IT компания тіркелсе, бүгінде олардың қатары 300-ден асқан. Қазақстанда цифрлық кәсіпкерлікті дамыту үшін осымен үшінші жыл қатарынан It-Aiel жобасы жүзеге асып келеді. Осы аралықта 5 жарым мыңнан астам адам цифрлық дағдылардың қыр-сырын меңгерген. Сарапшылар озық технологияларға әсіресе жастарды тартып, баулыған абзал дейді. Сондықтан биылдан бастап өскелең ұрпаққа бағытталған Aqyl Tech жобасы қолға алынады. Бағдарлама аясында ел жастары жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік негіздерін оқиды.

Азиза Шужеева, Technowomen КЕҚ басқарма төрағасы:

- Aqyl Tech жобасы жастардың ақылды технологияларға қатысты білімдерін дамытуға аргалған. Әсіресе ауыл жастарына басымдық беріледі. Бұл еліміздің технологиялық дамуына серпін беретін тың бастама. Жалпы ол Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды. Жастар ресурстық орталығы базасында 100 жаттықтырушы даярлау жоспарлап отырмыз. Кейін олар өз өңірлеріндегі ауыл жастарын жаңа цифрлық құзіреттер мен қаржылық сауаттылыққа үйрететін болады.

Қос оқыту бағдарламасының үздік үш түлегіне серіктес-компания арнайы грант тағайындайды. Оның иегерлері алдағы қазан айында АҚШ-тың Бостон, Нью-Йорк және Майами қалаларыда шоғырланған әлемнің жетекші технологиялық компанияларының жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Кристина Вебер, It-Aiel, Aqyl Tech бағдарламаларының серіктес-компаниясының негізін қалаушы:

- «Google, Netflix сынды әлемге әйгілі компанияларға барып, Гарвард университетін аралайды. Біз студенттердің ұсыныстарын ескеретін боламыз. Қандай компаниялардың жұмысымен танысуды қалайтынын біліп, сол жерлерге баруларын қамтамасыз етуге тырысамыз. Американың жетекші компания басшыларымен, менеджерлермен кездесулер өтеді. Студенттер бұл сапардан мол тәжірибе жинап қайту үшін арнайы бағдарлама құрылады».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?