Қазақстан
Құрық портын дамытуды жоспарлап отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігінің хабарлауынша, бұған Біріккен Араб
Әмірліктері компаниясы көмектеседі. Бүгінде келісімге
қол қойылды. Тараптар
маңызды көлік-логистикалық бастаманы жүзеге асыру бүкіл Орталық Азиядағы
экспорттық бағыттарды дамытуға сеп болатынын атап
өтті. Атап айтқанда, құжат астық терминалы мен «Саржа» көпфункционалды теңіз
терминалын салу бойынша ынтымақтастық қарастырады.
Бүгінде болашақ терминал аумағында екі айлақтың, кірме теміржол желілерінің,
жалпы жүк стансасының құрылысы аяқталды. Жақында алғашқы тауарларды ауыстырып
тиеу күтілуде. Мамандардың айтуынша, жобаны жүзеге асыру Транскаспий
халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға арттырады.