Қазақстандық колледждерге 133 мың абитуриент мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданды

Биыл 133 мың қазақстандық еліміздің колледждерінде тегін білім алуға грант ұтып алды. Жалпы осы жылы барлығы 190 мыңнан астам талапкер колледждерге оқуға қабылданды. Сонымен қатар еліміздің Оқу-ағарту министрілігінің берген мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70% техникалық мамандықтарға бағытталатынын атап өту керек.

 

Алтай Рахимберлин, ҚР Оқу-ағарту министрлігі департаментінің басқарма басшысы:

-Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылғанын атап өту керек. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика, медицина бағыттары қамтылған. Бұдан басқа, 75 мың абитуриент квоталық санат бойынша оқуға қабылданды.