Қазақстандық ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтайтын ЖИ жүйесін әзірледі

Қазақстандық ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтайтын ЖИ жүйесін әзірледі

Медицина мен озық технология тоғысында тағы бір тың жаңалық. Қазақстандық ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтай алатын жасанды интеллект жүйесін әзірледі. Ол дәрігердің орнын баспайды, бірақ медицина қызметкерлеріне нақты әрі жылдам шешім қабылдауға көмектеседі. Заманауи жүйе науқастардың өмірін сақтап қалуға және емдеу тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізбек. Жоба жетекшісі Бейбіт Әбдікенов жаңа технология мамография суреттерін талдай отырып, 90 пайыздан астам дәлдікпен диагноз қоя алады деп отыр.

Бейбіт Әбдікенов, Artificial Intelligence Ғылыми зерттеу орталығының директоры:

- Скринингтік процесте көбінесе маммографиялық суреттер немесе УЗИ, КТ, МРТ дейді ғой сонда радиолог мамандар өздерінің диагностикасын жасайды ғой. Соны біз ЖИ қолданып, автоматтандыруға тырысып жатырмыз. Қазір жоба жүріп жатыр, келесі жылы онкологиялық диспансерлерде тесттік түрде енгізу деген жоспарымызда бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?