Коронавирус паркинсон ауруының даму қаупін арттыруы мүмкін. Ал алдағы жылдары нейродегенеративті аурулардың өршуі мүмкін дейді америкалық ғалымдар. Олардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде инфекция миды қауіпті факторларға сезімтал етіп, жүйке-жүйенің бұзылуына әкеледі. Сарапшылар коронавирус жұқтырудан пайда болған қабыну кейбір нейрондарды өзге ауруларға әлсіз етіп, Паркинсон ауруының даму қаупін арттыруы мүмкін деп болжайды.