Астанада ТМД мен Орталық
Азиядағы ең ірі Comic Con фестивалі өтті. Қазақстанның бас қаласы бірнеше күн
бойы комикстер, қиял-ғажайып, бейне ойындар мен аниме әуесқойларының орталығына
айналды. Биылғы жарқын әрі есте қаларлық оқиғаға 75 мыңнан астам қонақ келді,
олардың 10 мыңнан астамы әлемнің 36 елінен жиналған туристтер. Фестиваль
барысында 150-ден астам қазақстандық суретші мен қолөнерші өз жұмыстарын көпке ұсынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Comic Con танымалдылығының артуы әлемдік
жұлдыздардың назарын аударды. Фестиваль тарихында алғаш рет шараға үш бірдей голливудтық
актер қатысты. Хедлайнерлер арасында «Сақиналар билеушісіндегі» Голлум рөлінің
аты аңызға айналған орындаушысы Энди Серкис, «Міндет: орындалуы мүмкін емес» туындысының
соңғы бөлімнің антагонисі - Эсай Моралес, сондай-ақ содырлардың жұлдызы және
Marvel кино әлемінің қатысушысы - Скотт Эдкинс бар.
Энди Серкис, Хедлайнер:
- Comic Con
небәрі алты жылдың ішінде осындай ауқымға жеткені таңқаларлық. Барлығы
заманауи, футуристік және озық стильдегі безендіру ерекше көзге түседі. Жаңа
технологиялар қолданылғаны анық. Мен өнер саласындағы адамдармен -
киноиндустрия, театр, балет және опера салаларындағы адамдармен сөйлестім және
барлық жерде Қазақстанды мәдениетиің ұлттық бірегейліктің маңызды құрамдас
бөлігі және оның толық қолдауға ие болып отырғаны сезіледі. Барлығы көз
тойдырады, қатысушылар костюмдерінің бөлшектері - әлемдік фестиваль деңгейінде.
Мұның бәрі елде қаншалықты мәдениетті, сторителлингті қаншалықты құрметтейтінін
білдіреді.
Эсай
Моралес, Хедлайнер:
- Мені
сұрақтардың ауқымдылығы таң қалдырды - адамдар осы мәдениетті жақсы меңгергені
көрініп тұр, фестиваль костюмдері мен жұлдыздарды көргенде көздері жайнайды.
Мен ұзақ жолдан ұйықтай алмадым, бірақ өзімді шаршаңқы сезінбеймін, мұндағы
адамдардың көз қуанышы ерекше әсерге бөлейді.
Басты шаралардың бірі кәсіби косплеерлердің халықаралық байқауы болды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Молдова, Ресей, АҚШ және Таиландтың 200-ге жуық қатысушысы шеберліктерін ортаға салды. Білікті қазылар алқасы таңдалған бейнемен ұқсастығын ғана емес, костюмдердің сапасын, ойын шеберлігі және сахналық қойылымдардың тартымдылығын да бағалады.
- Мен бүгін Зак Фейрмін. Арманына асыққан әскер.
- Бұл, шын мәнісінде саудагер. Бірақ мен көрген ең ең көңілді саудегердің бірі. Сіз оған жақындаған кезде әрекет етеді: қош келдіңіз, не қызықтырады?
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанадағы Comic Con қысқа
мерзім ішінде өңірдің креативті индустриясы әлеміндегі басты оқиғаға айналды.
Сондай-ақ, фестивальдің экономикалық әсері де әсерлі. Есептеулер бойынша, шара
барысында қала экономикасына 3,5 млрд теңге түсті.

