Қазақстанда жүрек-қан тамыры ауруларын ерте кезеңде
анықтау мүмкіндігі туды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
ғалымдары бұған мүмкіндік беретін жаңа платформа жасады. Өнертабыс жасанды
интеллектпен интеграцияланған. «Zhurek AI» деп аталатын бағдарлама ағзадағы
аздаған ауытқуды да дәл көрсетеді. Адам өміріне қаншалықты қауіпті екенінен
есеп береді. Ең алдымен, бұл отандық әзірлеме еліміздің шалғай аудандарының
тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ. Оның шарапатын көру үшін оларға тек қан
талдауының нәтижелерін жүйеге жүктеп, арнайы дайындалған сауалнаманы толтыру
қажет.
Әсия Балтабаева, ҚАЗҰУ Жасанды интеллект және заттар интернеті зертханасының ғылыми қызметкері:
– Яғни, бұл жерде біздің құрылғы арқылы және бірнеше сауал өту арқылы өзіңіздің қаупіңізді анықтай аласыз. Бұл жерде біздің құрылғымыз бірнеше медициналық параметрлерді алады. Бұл дегеніміз – жүректің вариабельності және жүрек қағысы, кислород, одан бөлек және бернеше медициналық параметрлер бар. Солар арқылы біздегі жүрек қан-тамыр ауруларының қаупін анықтай алады.
Кейін жүйе барлық алынған ақпаратты өңдеп, болжам береді.
Егерде өмірге қауіп төнетіндей ағзадан
ауытқу табылса, науқасқа дереу маманға жүгінуді ұсынады. Ғалымдардың айтуынша,
оның басты артықшылығы – жылдамдығы мен дәлдігінде. Платформа жұмысы күрделі
алгоритмнен тұрады. Ол терең нейрондық желілер мен үлкен тірек векторлар
әдісіне негізделген. Отандық ғалымдар жүйені коммерцияландыруды жоспарлап отыр.

