Зиянды қалдықсыз кальцийленген соданы қалай өндіруге болады? Қарағандылық ғалым мұның тың әдісін ойлап тапты. Қалқаман Жұмашев 8 жыл бойы әктің пайдаланылуын қажет етпейтін жаңа технологиямен айналысып келеді, яғни ауаға газдар шығарылмайды. Энергияны көп қажет ететін процестерді азайту натрий карбонатының құнын төмендетеді. Әзірлеуші өз әдісін патенттеп, халықаралық авторлық құқығын иеленген. Қалқаман Жұмашевтің әдісіне қазіргі күні Павлодар қаласының мамандары қызығушылық танытуда. Олар пилоттық сынақты өткізуге дайын және ол оң нәтиже көрсеткен жағдайда жұмыс барысына енгізеді. Айта кету керек, кальцийленген сода металлургия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Қазақстан жыл сайын 400 мың тоннаға жуық өнімді қажет етеді. Аталған ұнтақ бізге көршілес елдерден импортталады.
Қалқаман Жұмашев, техника ғылымдарының докторы:
– Ескі технология бойынша өндірілген соданың әрбір тоннасына 10 текше метр хлорид ерітіндісі шығарылады. Әрбір тоннадан шамамен бір тонна СО2 бөлінеді. Қазір бүкіл әлем осымен күресуде. Экологтар ескі технологияға қарсы болғандықтан, жаңа, экологиялық таза әдісті іздеуге ұмтылып жатыр. Ұсынылып отырған технология осы талаптарға толық жауап береді.