139 қазақстандық әскери қызметші мен 4 офицер Біріккен Ұлттар Ұйымының медальдарымен марапатталды. Оларды бітімгерлік миссияның қолбасшысы Гана Республикасы армиясының генерал-майоры табыс етті. Анита Асама мен БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік дағдысы, тәртібі және моральдық-ерік күші жоғары екенін атап өтті. Еске сала кетейік, Қазақстанның дербес бітімгерлік контингенті Сириядағы Голан жоталарындағы атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Фауар базасында қызмет атқаруда. Сондай-ақ, ұйымның базаларындағы қорғанысты күзетуді қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындармен өзара қарым-қатынас жасайды. Жалпы 11 айдың ішінде бітімгерлер 200 жуық жарылмаған снарядты залалсыздандырды. Былтыр желтоқсан айында өміріне қауіпті аймақтан БҰҰ персоналын эвакуациялау кезінде контингенттің жеке құрамы жедел іс-қимыл жасап, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.
Жігер Аипов, Бітімгерлік ротасының командирі, подполковник:
- Атқарып жатқан міндеттеріміз жауапкершілік аймақта
патрульдеу, жауапкершілік аймақтың ішінде орналасқан БҰҰның базалары мен
бақылау пункттарында қызмет етіп жатқан жеке құрамға эвакуация жасау және сол
жеке құрам қандай да бір жағдайда жарақат алып немесе ауырған кезде медициналық
эвакуация жасау. Сонымен қатар, тағы да бір маңызды атқарып жатқан қызметтеріміздің бірі жауапкершілік аймақтың
ішінде жарылмай қалған жарылғыш заттарды іздеп, табылған жарылғыш заттарды
көзін жою болып есептеледі.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

