Бүгін Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы іске қосылады. Әзірге ол пилоттық режимде жұмыс істейтін болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпей-ақ көмек көрсетуді көздейді. Жоба бірнеше кезеңде жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн. Біріншіден, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі болады, екіншіден, жаңа жылдан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтіледі, үшіншіден, 2024-тің қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларында мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. Бүгінде «Отбасының цифрлық картасында» бас-аяғы 19 млн 400 мың азамат туралы дерек жинақталған.