Қазақстандық сайлаушылар мәслихат пен мәжіліс депуттарының мандатын кері қайтаруы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын депутттарға таныстырған еліміздің Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті. Оның айтуынша, бұл – реформаның маңызды қадамдарының бірі. Себебі бұрын мұндай норма заңнамада ешқашан болмаған.
Қанат Мусин, ҚР әділет министрі:
– Бұл депутаттың өзіне байланысты. Сайланғанда әрбір округте халықтың алдында уәде берген, халықтың шешілмеген мәселелерін біліп, халықтың сөзін тыңдап, уәде беріп орындамайтындар бар. Депуттың мандатын алып халықпен кездеспей, халықпен қатынаспай қашып жүргендер де бар. Әрбір жағдайды сайлаушылар өздері қарайды. Бұл депутатқа сенім бар ма жоқ па деп.
Министр айтуынша, депуттатық мандатты қайтарып алу процесі де дауыс беру жүйесімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Мәжіліс отырысында 25 қазан күнін Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау туралы заң жобасы қаралып, төменгі палата депутаттары тарапынан мақұлданды.