Айта кетейік, 2022 жылы олардың саны небәрі 16 болған еді. Жаһандық зерттеуді британдық Quacquarelli Symonds компаниясы жүргізген. Ол жоғары оқу орындарын академиялық беделі, оқытушылар мен студенттердің арақатынасы, дәйексөздер индексі, түлектердің жұмысқа орналасуы сынды барлығы 9 критерий бойынша бағалайды.
Айта кетейік, іріктеуге әлемнің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық университет қатысты. Оның ішінде 104 елдің 1500-ге жуық оқу орыны ғана үздіктер рейтингіне енген.