Қазақстандағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізі дамып келеді

Қазақстандағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізі дамып келеді

6 мың контейнерлік тасымалды қоса алғанда, Қазақстандағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілеті жылына 100 млн тоннаға дейін өсті. Мәселен, биылғы жылдың 11 айында жүк тасымалы 63%-ке, ал контейнерлік жүк тасымалы екі жарым еседен астам ұлғайды. Бұл көрсеткіштер бағыттың айтарлықтай өскенін дәлелдейді, - деп атап өтті Үкіметте. Айта кетейік, өткізу қабілетін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл міндеттер биыл іске қосылған Транскаспий көлік дәлізі үйлестіру орталығы жұмысын кеңейтуге бағытталған. Жаңа платформа бәсекеге қабілеттілікті арттырып, Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?