Қазақстандықтар ел өңірлеріне саяхат жасағаны үшін «NeoNomad» – қазіргі заманғы көшпенді мәртебесін ала алады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Ол үшін еліміздің 20 танымал туристік орындарын аралау керек. Бұл - «Бәйтерек» монументі, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, Айша бибі кесенесі, Таңбалы тас петроглифтері, «Берел» қорық-музейі және тағы басқалар. Кейін арнайы фотожиектеменің алдында суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде «Neonomad 2022» хэштегімен жүктеу керек. Айта кетейік, науқан қыркүйек айында басталады. Сонымен қатар, елордада қазақстандық туристермен қатар шетелдік туристер үшін де ақпараттық орталық ашылады.
Ержан Балтаев, Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:
– Қаламыздың туристтік әлеуеті өте үлкен. Әр түрлі конференциялар, выставкалар өткізетін сол бағытта жұмыс жасаймыз. Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жасап жатырмыз.